«J2-8243: соңғы рейс»: Ақтаудағы ұшақ апаты туралы деректі фильм шықты

Сырым Қаржас

Әзірбайжанның Baku TV телеарнасы Ақтаудағы ұшақ апаты туралы деректі фильмді көрермен назарына ұсынбақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ТЖМ

ТОЛЫҒЫРАҚ

«J2-8243: соңғы рейс» деп аталатын деректі фильм ертең, 31 наурызда әзірбайжандық Baku TV арнасында көрсетіледі. Фильмде ұшақ апатынан тірі қалған адамдардың естелігі, сын сағатта көмекке келген құтқарушылар мен басқа да мамандардың қызметі, қаза тапқандар туралы ойтолғаулар қамтылған.  

Фильм авторларының айтуынша, мақсат – ел басына түскен қайғы-қасіретті қайыспай көтерген адамдардың ерлік ісін дәріптей отырып апаттан қаза тапқандардың еске алу.  

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше адам мерт болған қайғылы оқиға былтыр 25 желтоқсанда болған. Әзірбайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтауда апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Тірі қалғандар саны – 29 адам.