Forbes тізімін жаңартты: Қазақстаннан кімдер бар

Ілияс Бақыт

Forbes журналы Forbes World’s Billionaires 2025 деп аталатын әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімге жиынтық байлығы 38,8 миллиард долларға жеткен жеті қазақстандық бизнесмен кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

FORBES РЕЙТИНГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР: КӨШ БАСЫНДА КІМ ТҰР?

Қазақстандық миллиардерлер арасында көшбасшылық орынды сақтап қалған — Вячеслав Ким. Оның байлығы 7,1 миллиард долларға жетіп, әлемдік рейтингте 464-орынға көтерілді (былтырғы жылы 511-орында болған). Кимнің капиталы бір жылда 1,3 миллиард долларға артты, осылайша ол Қазақстанның ең бай кәсіпкері атағын сақтап қалды.

ЕКІНШІ ОРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИЛЛИАРДЕР

Кимнің серіктесі Михаил Ломтадзе Қазақстан миллиардерлері арасында екінші орында тұр. Оның байлығы 5,9 миллиард долларды құрап, ол әлемдік рейтингте 597-орынды иеленді.

Ким де, Ломтадзе де қазақстандық алпауыт “Kaspi.kz” компанисының тең құрылтайшылары. 

ТОҚТАУСЫЗ ӨСУ: ТИМУР ТУРЛОВТЫҢ ТАБЫСЫ

Рейтингтегі ең айтарлықтай серпілісті “Freedom Holding” иесі Тимур Турлов жасады. Оның байлығы дерлік екі есеге артып, 3,3 миллиард доллардан 5,8 миллиард долларға жетті. Әлемдік тізімде Турлов бірден 991-орыннан 605-орынға көтеріліп, көптеген танымал кәсіпкерлерді басып озды.

Егер Тимур Русланұлы мұхиттың арғы бетінде өмір сүрсе, жергілікті БАҚ оның өмірбаянын «америкалық арманның» жарқын үлгісі ретінде жарыса жазар еді.

Болашақ олигарх 1987 жылы Мәскеуде дүниеге келген, бай-бағланның емес, қарапайым отбасында өскен. Өз естеліктеріне сенсек, анасы екеуі Мәскеу түбіндегі Лобня қаласында тұрған, ал өзі жасөспірім кезінде бай болуды армандаған. Алғашқы инвестициясын Мәскеудің банкаралық валюта биржасына салған, бірақ Турловтың бір сұқбатында айтқанына қарағанда, бұл инвестициялар сәтсіз болған.

Ол Алматыға 2011 жылы отбасымен бірге көшіп келген.

ТӨРТІНШІ ОРЫНДА ТАҒЫ КИМ

“KAZ Minerals” және “Қазақмыстың” акционері Владимир Ким. Өткен жылы оның байлығы 3,6 миллиард долларға бағаланса, биыл 5,7 миллиард долларға дейін өсті, бұл оған рейтингте 896-шы орыннан 620-шы орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

ШАХТАДАҒЫ АПАТ

Биыл 17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы дәл осы Владимир Кимге тиесілі "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.

ТИМУР ЖӘНЕ ДИНАРА ҚҰЛЫБАЕВТАР

Біздің отандастарымыз арасында рейтингтің бесінші және алтыншы орнын «Алмэкс» холдингтік тобының басшысы және тең иесі Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Құлыбаева иеленді. Ғаламдық рейтингте олар бір орынды — 673-ші орынды (2024 жылы 612-ші орын) бөлісіп тұр. Құлыбаевтардың байлығы әрқайсысында 5,3 миллиард доллар деп бағаланады (бір жыл бұрын әрқайсысында 5 миллиард доллар болған).

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИЛЛИАРДЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ОРЫН 

Forbes тізімінде “ForteBank” акционері Болат Өтемұратов тұр. Оның байлығы бір миллиард долларға артып, 3,7 миллиард долларға жетті, ал әлемдік рейтингте 1238-ші орыннан 979-шы орынға көтерілді.

ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫ — ИЛОН МАСК

Әлемдік рейтингті тағы да Илон Маск бастады. Оның байлығы бір жыл ішінде 147 миллиард долларға өсіп, жалпы сомасы 342 миллиард долларға жетті.