«Кімнің құсы, алып кетсін»: Алматы тұрғыны көшеден тауыс құсын тауып алған

Ілияс Бақыт
Видеодан скриншот

Алматы тұрғыны көшеден тауыс құсын тауып алып, енді оны қалай асырау керек екенін білмей басы қатып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАУЫС ТАУЫП АЛҒАН

КТК ақпаратынша зообақ әкімшілігі құжаты жоқ қанаттыны қабылдаудан бас тартыпты. 

“Зообақ бізде павлин жетеді, оның анализі бар, тағы басқасы бар, ақшасы көп болады деп рұқсат бермеді. Кімнің құсы, сол келіп алып кетсін. Бастапқыда қандай құс екенін түсінбедім. Үйге әкеліп, суын, азығын бердім” – дейді Нұрбол Бақытжан Алатау ауданының тұрғыны.

Тауыс көшедегі қаңғыған иттерге жем бола ма деп қорқамыз, дейді отбасы. Негізінен Африка мен Оңтүстік Азия елдерін мекен ететін құстың бұл түрі аса бір күтімді қажет етпейді екен. Дегенмен зообақтағылар оны асырап алуға дайын емес екенін хабарлады. Өйткені аң, құс қабылдау өп қаражат пен уақытты қажет етеді. Хайуанаттар бағы оны «вакцинасыз қабылдай алмаймыз» деп отыр әрі тауыс құсы экзотикалық құстарға жатпайтындықтан, оны кез келген шаруашылықта асырай беруге болады деп кеңес берді.