Бір адамның айлығы: Дженнифер Лопестің билеті қанша

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

АҚШ-тың танымал әншісі Дженнифер Лопес Астана қаласында концерт өткізеді. Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, билеттердің сатылымы жақын күндері басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БИЛЕТ БАҒАСЫ ҚАНША?

Хасеновтің айтуынша, концертке арналған билеттер 15 түрлі баға санатына бөлінген. Ең төменгі билет – 40 000 теңге, ал ең қымбаты – 150 000 теңге шамасында болады. Орташа есеппен, бір билет құны 88 000 теңгені құрайды.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?

Билеттердің нақты сатылым басталу күні туралы ақпарат «Астана концерт» компаниясының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады. Концертке қызығушылық білдіргендер парақшаны бақылауда ұстағаны жөн.

БҰҒАН ДЕЙІН

Премьер-министр Олжас Бектенов Дженнифер Лопестің Астанаға келуін жоғары бағалап, мұндай деңгейдегі іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет екенін айтқан. 

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАНДАЙ ПАЙДА КЕЛЕДІ

«Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Дженнифер Лопестің 1 тамызда Астанада өтетін концертіне қатысты болжамды экономикалық әсермен бөлісті.

Оның айтуынша, концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде.

Жалпы қала экономикасына түсетін түсім – 6,5 миллиард теңге шамасында болады. Бұл қаражат негізінен HoReCa (қонақүй, мейрамхана, тамақтану қызметі) саласына бағытталады.

Сонымен қатар, концерттен 400 миллион теңгеден астам салықтық түсім тікелей бюджетке құйылады.