Үстіртте жойылуға шақ қалған түз тағысы фототұзаққа түсті

Сырым Қаржас
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Үстірт мемлекеттік қорығында Орталық Азия барысы қайтадан фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕРЕКШЕ ОҚИҒА

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ерекше оқиға болған: Орталық Азия барысы бесінші рет фототұзақ объективіне түсіп, жабайы табиғаттың қайталанбас сұлулығын көрсеткен.

ФОТОТҰЗАҚҚА НЕШЕ РЕТ ТҮСТІ

Бұл фототұзақ Орталық Азия барысты зерттеу мен қорғауға бағытталған халықаралық жоба аясында орнатылған болатын. 2024 жылдың 29 қазанынан 21 желтоқсанына дейін фототұзақтар барысты төрт рет тіркеген. Бүгін бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.

Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасып жатыр.