Қаскелеңдегі түрмеден қашқан күдікті ауылда ұсталды: оны енді екі баппен соттайды

Сырым Қаржас
Полиция

Қаскелеңде түрмеден қашып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Алматы облысы полиция департаментінің жедел қызметкерлері ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Ақши ауылында 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдіктіні ұстаған.

Іздестіру шаралары басталған сәттен облыстың полициясы және Ұлттық ұлан күштері толық жұмылдырылған. Көршілес облыстардың аумақтық бөлімшелері де іздеу жұмыстарына тартылған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, полицейлер оның жасырынған жерін тапты. Арнайы бөлім сарбаздарының күшімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды, – делінген полиция хабарламасында.

ҚАШҚЫН ЖАЙЛЫ

Еске салайық, осы айдың басында Қаскелеңде адам зорлады деген күдікті түрмеден қашып кеткенін хабарлаған едік. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 1 сәуірде Қаскелеңдегі аудандық сотта 1995 жылы туған күдікті із суытқан. Ол адам адам зорлады деген күдікке ілінген. Қалада “Сирена” арнайы жоспары енгізілген. 

Алматы облысының полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. Күдіктінің тергеу изоляторынан қашып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалған.