Қырғызстан Мәскеу полициясының қырғызстандықтарды ұрып-соғуына байланысты мәлімдеме жасады

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

Қырғызстан Мәскеу полициясының қырғызстандықтарды ұрып-соғуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕЛДІҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Бас прокурор Максат Асаналиевтің айтуынша, егер азаматтар өз құқықтарының бұзылғаны туралы арыз түсірсе, онда прокуратура тиісті шаралар қабылдайды. Бұл пікір елдегі мигранттарды ұстау мәселесіне қатысты айтылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

13 сәуірде әлеуметтік желілерде Мәскеудегі монша кешендерінің бірінде қырғызстандық мигранттарға жасалған қорлық туралы ақпарат тарады. 

Желіде бейнежазба камерасына түсіп қалған кадрлар тарады. Онда құқық қорғау органдары қызметкерлері азиялық ер адамдарға күш көрсетіп, айғайлап жатқанын көруге болады. Моншаның ішінде болған мигранттардың бірі журналистерге оқиғаның шынымен болғанын растап, жағдайдың барлық егжей-тегжейін айтып берді.

ҰРЫП-СОҒЫП, МАЗАҚ ЕТКЕН

Мәскеуде бір айдан астам уақыт такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген Әлихан 10 сәуір кешке ағасымен және немере ағасымен бірге моншаға барған. Шамамен жарты сағаттан кейін олар әлдекімдердің есікті қалай сындырып жатқанын естіген және дүрбелең басталған.