Блогер, кәсіпкер Айсәуле Бақытбектің салонындағы қымбат қол кремін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Айсәуленің сұлулық салондарының бірінде ұрлық жасалды — 60 мың теңге тұратын люкс санатындағы Chanel кремі жоғалып кетті. Айсәуленің айтуынша, қымбат крем дәретханада тұрған. Оны дәретхананы сылтауратып кірген клиенттердің бірі ұрлап кеткен.
Сондай-ақ, ол бейнебақылау камерасынан ұрының кім екені анық көрінетінін айтып, келесі жолы ұры қыздың фотосын жариялауы мүмкін екенін де жасырмады.
Айсәуленің оқырмандары пікірлерде оған қолдау білдіріп, клиенттің әрекетін сынады.
Кейбір оқырмандары егер ұрлық бірнеше рет қайталанған болса, қымбат косметикалық құралдарды дәретханада қою дұрыс шешім емес екенін де жазған.