Шерзат ісінде неге тек 9 сотталушы отыр – ІІМ вице-министрінің жауабы

Аян Өрібай
Ұлысмедиа коллажы

Шерзат Полаттың өлімі бойынша алдын ала тыңдау жақында өткен еді. Қоғам назарындағы іс болғандықтан, кейбір азаматтар "істе неге тек 9 сотталушы" деген сұрақты көтерген. Осы сұрақты бүгін Ulysmedia.kz тілшісі ішкі істер вице-министрі Санжар Әділовке қойды.

Заңның шектеуін білесіздер. Сот отырысы енді басталып жатыр. Сотқа пікір айтуға менің құқылы емеспін. Тергеу ашық жүргізілді. Прокуроратура органдары қадағалап, істі ведомстволық бақылау жоғары деңгейде болды, – деп жауап берді Санжар Әділов.

16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесінің алғашқы күні эмоцияға толы болған еді. Бұл іске деген қоғамдық қызығушылық тек сот залында ғана емес, одан тыс жерде де сезілді. Талдықорғанда бұл жайлы такси жүргізушілері де, дүкен кезегіндегі адамдар да, көшедегі жүргіншілер де айтып жүр. Іске бүкіл ел назар аударып отыр, ал оқиғалар хронологиясын Ulysmedia.kz тілшісі жүргізген болатын.

АДВОКАТТАРДЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Бұған дейін Шерзат Полат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев мемлекеттік айыптаушының айыптау актіне қатысты пікір білдірген болатын

Сонымен қатар, Шерзаттың ісінде 9 күдіктінің тек екеуіне ауыр айып тағылғаны белгілі болды. Қалған жеті күдіктінің ісі “бұзақылық” бабымен қаралады. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.