Тоқаев Асссамблея төрағасының орынбасарларын ауыстырды

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясында ауыс-түйіс жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒАЙЫНДАУ

Президенттің өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. 

ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТКЕНДЕР

Ал бұл қызметті атқарған Лугмар Буларов және Юрий Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды. 

ҚХА АССАМБЛЕЯСЫ

20 наурызда президент Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы өтетін күнді белгілеген болатын. 

Cессия 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді.