Қазақстанда баспана бағасы күрт қымбаттап кеткен

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Наурыз айында Қазақстанда үйдің бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САЛЫСТЫРУ

2024 жылдың наурызымен салыстырғанда: жаңа салынған пәтерлердің бағасы 5,9%-ға, қайталама нарық пәтерлер 6,7%-ға, ал жалдау ақысы бірден 11,6%-ға қымбаттаған.

ӨҢІРЛЕР

Баға ең қатты өскен қалалар:

Жаңа үйлер бойынша:
– Павлодар – +18%
– Көкшетау – +15%

Қайталама нарықтағы пәтерлер:
– Атырау – +15,8%
– Павлодар – +12,9%
– Ақтөбе – +12,7%

Жалдау ақысы:
– Астана – +25,4%
– Талдықорған – +23,8%
– Семей – +22%

Сарапшылардың айтуынша, баспана бағасының бұлай қымбаттауы қарапайым халыққа үй алу мен жалдау мүмкіндігін қиындатып отыр.