Wildberries болашағы қалай өзгереді: соңғы шешімнің салдары

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

2025 жылғы 17 сәуірде Мәскеудің Савелов соты Татьяна Кимнің талап-арызын қанағаттандырып, оған бұрынғы күйеуі Владислав Бакальчукке тиесілі «Вайлдберриз» ЖШҚ-ның 1% үлесін беруге шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

WILDBERRIES-ТІҢ РЕСМИ ҚАТАРЫНДА ЕНДІ КИМ ДЕ БАР

Бұған дейін Wildberries-тің ресми құрылтайшыларының қатарында болмаған Татьяна Ким енді компанияның заңды қатысушысы ретінде тіркелді. Сонымен қатар, оған 100% үлесі бар «Вайлдберриз Банк» ЖШҚ мен жеке шоттарындағы барлық қаржы да берілді.

ЖАРЫЛЫСҚА ТОЛЫ АЖЫРАСУ ІСІНІҢ ШЫҢЫ – 2024 ЖЫЛҒЫ ЖАЗ

Көпшілікке белгілі бұл даулы ажырасу процесі 2024 жылдың жазында басталды. 23 шілдеде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Владислав Бакальчукпен кездесіп, Татьяна Кимнің айналасындағы адамдарды Wildberries-ті «рейдерлік жолмен басып алуға» тырысты деп айыптады.

КИМНІҢ ЖАУАБЫ – ЖОСПАРЛЫ БИЗНЕС ҚОСЫЛУЫ

Қадыровтың мәлімдемесіне жауап берген Ким бұл айыптауларды жоққа шығарып, оның мақсаты – сыртқы жарнамаға маманданған Russ Outdoor компаниясымен бірігіп, ауқымды синергиялық жоба жасау екенін айтқан.

НЕ ЖАҒДАЙ

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдегі Wildberries кеңсесінде атыс болған. Үш адам зардап шекті. Желіде тараған бейнеден бір топ ер адам ғимаратқа басып кіруге тырысқанын көруге болады. Бірақ күзетшілер оларды кіргізбейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, атыстан кейін 30-ға жуық адам ұсталған.

КҮЙЕУІН КІНӘЛАДЫ

Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы және бас директоры Татьяна Бакальчук компанияның Мәскеудегі кеңсесіндегі атыстан кейін күйеуіне эмоционалды бейне жолдады.

Бейне оның Telegram арнасында жарияланды.

Біздің кеңсеге қарулы адамдар басып кірді, атыс басталды. Жас қызметкерлер қаза тапты. Владислав, сен не істеп жатырсың? Мұны ата-анаңызға, біздің балаларымызға қалай түсіндіре аласыз? Сіз бұған қалай бара аласыз? Жағдайдың осы абсурдқа жетуіне қалай жол бердіңіз? - деді Бакаьлчук көз жасын әрең ұстап.

WILDBERRIES ТУРАЛЫ 

Wildberries – ресейлік маркетплейс. Оның негізін 2004 жылы Владислав пен Татьяна Бакальчук қалаған. Ресейде, Беларуссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Арменияда, Израильде, Түркияда, Өзбекстанда және Әзербайжанда жұмыс істейді. Ресейдің 2016-2020 жылдардағы ең ірі интернет-дүкені.

18 тамызда Wildberries басшысы Татьяна Бакалчук күйеуімен ажырасудың себебін айтып, олардың некелері жұбайының абьюзивті мінез-құлқына және оның жиі үйде болмауына байланысты мәселелермен көлеңкеде қалғанын айтты.