Қытай Ресейге қару жеткізіп жатыр ма: Зеленский шындықты ашты

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский 17 сәуір күні өткен баспасөз брифингінде Қытайдың Ресейге әскери жабдықтар жеткізіп жатқаны туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Украина барлауы мен Қауіпсіздік қызметі бұл фактілерді нақты дәлелдермен растаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫТАЙДЫҢ ҚАРУ КОМПОНЕНТТЕРІ РЕСЕЙДІҢ ҚАРУ-ЖАРАҚ ӨНДІРІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Зеленскийдің сөзінше, Мәскеу Қытайдан артиллериялық жүйелер мен оқ-дәрі жасауға қажетті компоненттерді, оның ішінде оқ дәріні де алып отыр. Тіпті, кейбір қытай мамандарының Ресей аумағындағы өндіріс процесіне тікелей қатысы болуы мүмкін екені айтылды.

ҚЫТАЙ БЕЙТАРАПТЫҒЫН САҚТАМАЙ ОТЫР – ПРЕЗИДЕНТ МӘЛІМДЕМЕСІ

Украина басшысы бұған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен болған әңгімесін еске салды. Ол кезде Қытай Ресейге қару жеткізбейтініне сендірген болатын. Алайда қазіргі мәліметтер Қытай мен Ресей арасындағы әскери әріптестіктің бар екенін көрсетіп отыр.

СУМЫҒА ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ – ЗЕЛЕНСКИЙ РЕСЕЙДІ АЙЫПТАДЫ

Сол брифинг кезінде Владимир Зеленский Ресей әскерінің Сумы қаласындағы инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылын да айыптады.