Қазақстанда баспанасы ең қымбат әрі ең арзан өңірлер аталды

Сырым Қаржас
Ұлысмедиа коллажы

Еліміздегі ең қымбат баспана дәстүрлі түрде Алматы мен Астанада тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Krisha.kz порталының сарапшылары биылғы наурыз айының қорытындысы бойынша екінші нарықтағы тұрғын үйлердің бағасын саралап, мынадай деректер келтірген:

Екінші нарықтағы баспана ең қымбат қалалар:

  • Алматы — 763 008 теңге/шаршы метр

  • Астана — 528 305 теңге/шаршы метр

  • Шымкент — 445 563 теңге/шаршы метр

Баспана ең арзан саналатын қалалар:

  • Тараз — 310 745 теңге/шаршы метр

  • Талдықорған — 313 925 теңге/шаршы метр

  • Ақтөбе — 316 138 теңге/шаршы метр

Бағаның бір жыл ішіндегі өзгерісі:

Соңғы бір жылда баспана бағасы ел бойынша орта есеппен 6%-ға өскен.

Жалғыз арзандаған қала – Қарағанды: мұнда пәтер бағасы 1,4%-ға төмендеген.

Басқа қалаларда, керісінше, өсім байқалады.

Ең жоғары өсім – Ақтауда, мұнда жылдық баға 17,8%-ға қымбаттаған.

Астана, Орал, Петропавл және Қостанайда өсім 9,4%-дан 11,3%-ға дейін.

Алматыда пәтер бағасы 4,2%-ға, ал Шымкентте 6,2%-ға өскен.

Бұған дейін Қазақстанда жалдамалы және сатып алынатын баспана құны күрт көтерілгені хабарланған болатын.