«Аузыңды жап, сені де өлтірем» деді: Шерзаттың анасы қанды қылмыс қалай болғанын айтып берді

Аян Өрібай
Ұлысмедиа коллажы

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бейшембиева жауап беруге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШЕРЗАТТЫҢ АНАСЫ НЕ ДЕЙДІ

Қайғылы болатын түні Гүлбараға күйеуі Қаржаубай қоңырау шалып, «Шерзат біреуді ұрып қойды, Нұрқанатты оят, жібер» деп хабар берген.

Нұрқанатты ояттық. Ол орнына тұрып, көлікпен дүкен жаққа кетіп қалды. Бес минуттан кейін Қаржауға қайта хабарластым. Ол «бәрі жақсы, шешіп жатырмыз» деді. Шыдамай әжесімен шығып кеттік. Такси мекенжайды білмейді екен. «Қамажай» дүкеніне 5-10 минутта жолды көрсетіп жеттік. Сол жерде 10-15 адамды көрдік. Екі қыз бар екен арасында. Сол жерде біреуі «делайте!» деп айқайлады. Бірінші Дарханды бастады – Шерзатты бетінен ұрды. Шерзат шегініп, қайта ұрды. Анау жерге құлап түсті. Ахметті Абзал ұрды. Бұлар жабыла кетті. Нұрқанат сол кезде Ахметті тартып алып қалды. Бәрі Шерзат пен Нұрқанатқа жабылып кетті. Әжесі «балаларым қойыңдар» деп айғайлаған кезде оны итеріп жіберді. Абзал мен Нұрбол сол кезде мені ұстап жібермей қойды, – дейді ол.

Гүлбара Бейшембиева Абзал (Шынасыл) мен Нұрболға (Тоқтаубаев) «балама тимеңдерші, анасымын» деп өтінген.

Абзал «аузыңды жап, сені де өлтірем» деді. Екі қызға қарап, «скорая мен полиция шақырыңдаршы» деп едім. Олар ештеңе істеген жоқ. Жұлқынып шығып кеттім. Жеті-сегіз адам жабылып жатыр екен. Шерзат артқа шегінді де құлады. Оның аузынан бұрқ етіп қан аққанын көрдім. Барып жеткенде ол “мама, мына жағыма қарашы” деп сол жағын көрсетеді. Қарасам, пышақ сұғылғанын көрдім. Сол кезде денесіне пышақ кіргенін түсіндім. Нұрқиястың қолынан мылтық барын көрдім. Нұрқанатты тепкілеп болғаннан кейін Шерзаттың ауыр халде жатқанына қарамастан бізге қарай бет алды. Нұрқияс Нұрқанатты да ұрды. Нұрқияс басынан Шерзатың басы мен желкесінен үш-төрт рет ұрып жатқан кезде оң қолымды тостым. Үш-төрт рет ұрды. Айғайлағаныма да қараған жоқ. Нұрқияс «тыныш тұр, сені де ұрам» деді. Қаржаубайды сол кезде Дархан бетінен бөтелкемен ұрған. Шыңғыс артынан пышақ салған, – дейді ол.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Ulysmedia.kz тілшісінен көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!