Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАРЖАУБАЙ НҰРЫМОВ НЕ ДЕЙДІ
Көршілер шыға бастаған кезде бәрі қаша бастады. Баламды көрген кезде алғашында Нұрқанат екеуінде де пульс болды. Нұрқанаттың арқасынан, Шерзаттың кеудесі, аузынан қан ағып жатты. Сол ауданның меңгерушісіне қоңырау шалып, жедел жәрдем шақыруды талап еттім. Істе оның бәрін көрсеттім. Нұрқанатқа пышақ салып жатқанын көрмедім. Равильдің, Абзалдың, Шыңғыстың қолынан пышақ көрдім. Шыңғыс маған сілтеді. Жарақат жауырынымда болды. Азаматта да пышақ болды. Жас бала қашып кетті. Нұрқанат пен Шерзатты көлікпен апара жатқан кезде Шерзат орындықтан жылжып құлап кетті. Тоқтатып, қарадым. Жаны шығып кетіпті. Өзім ем-шара жасап көрдім. Көлікке алған кезде Шерзатта пульс бар еді. Жолда кетіп бара жатқан кезде жылдамдықты асырдым. Тоқтаған кезде пулсь болмай қалды, – дейді Қаржаубай Нұрымов.
Мәйітханаға кірген кезде Қаржаубай күйзелістен “балама қара алмаймын, жуындыра алмаймын” деген.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.
Ulysmedia.kz тілшісінен көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!