«Мені чёрный маг деп айтады»: Атхамбек Юлдашев шынында бақсы ма

Ілияс Бақыт
Видеодан скриншот

Бір кездері "Анама" әнімен қалып көпшілікке танылған әнші Атхамбек Юлдашев Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында ағынан жарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЮЛДАШЕВ АДАМ ЖОЛЫН АША МА?

Сұхбат кезінде Атхамбек Юлдашев өзінің анасында емшілік қабілет болғанын, адам емдегенін айтады. Нұрсейіт Жылқышыбай осыдан соң Юлдашевтің өзінің де бақсылық қабілеті бар деп естігенін жеткізеді. Тіпті белгілі бизнесмен Тұрсын Алагөзовтің жолын ашып беріп, сол үшін көлік алғанын да сұрайды. Бірақ Юлдашев ол көлік Алагөзов тек әншіге деген құрметінде ретінде мінгізгенін айтады. 

“Көп адамдар менің үйіме жылап келген болса күліп шығып кетеді. Мен оны құдайдан сұраймын. Мен құдайдан сұраймын. “Сол адамдардың жолы ашылсын,сол адамдар дендері сау болсын, сол адамдардың мақсаттарын алла берсін...” Тек қана құдай береді.”- дейді Юлдашев.   

Сөз арасында Жылқышыбай “ағайынды Нығматуллиндердің де жолын Юлдашев ашты” деген әңгіменің рас-өтірігін сұрайды. Бірақ Юлдашев бұл да алып-қашпа әңгіме екенін айтады. 

“Мені чёрный маг деп айтады. Оны құдайдан қорықпайтындар айтады”- дейді Юлдашев.

Атхамбек Юлдашев – танымал мәдениет қайраткері, актер, әнші және продюсер. Ол өзінің шығармашылығымен және қайырымдылық қызметімен танымал. Атхамбек Юлдашев көптеген концерттер өткізген, соның ішінде Қазақстанның астанасында да өнер көрсеткен.