Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі отандастарымызға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Елшілік АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдік азаматтарға CBP Home мобильді қосымшасын пайдалану арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз еркімен еліне оралуға шақырып жатқанын еске салды.
ӨЗ ЕРКІМЕН КЕТСЕ...
CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өз еліне қайтатын азаматтарға келесі мүмкіндіктер берілмек:
ӨЗ ЕРКІМЕН ЕЛІНЕ ҚАЙТПАҒАН ЖАҒДАЙДА...
Елшілік осы себепті жағымсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қазақстандық азаматтарды АҚШ билігі ұсынылған мүмкіндікті пайдалануға үндеді.
ЗАҢСЫЗ МИГРАНТТАРҒА ҚАРСЫ АУҚЫМДЫ ОПЕРАЦИЯ
Еске салайық, биыл қаңтарда Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ тарихындағы ең ірі заңсыз мигранттарды депортациялау операциясын жүргізуге және бұл үшін алғаш рет әскери ұшақтарды тартуға ниетті екендігін мәлім еткен.
Дональд Трамп командасының иммиграция және мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі кураторы Томас Хоманның айтуынша, АҚШ-та 11 миллионға жуық шетелдік заңды негізсіз өмір сүріп жатыр. BBC News-ке берген сұхбатында ол жаңа басшылық кезінде АҚШ-тағы көші-қон қызметтері заңсыз иммигранттардың кез келгенін тұтқындауы мүмкін екенін, сондай-ақ бұрын ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретіндерді іздеуге басымдық берілгенін айтты.
Ақпан айында Азия елдерінен келген мигранттар тобы АҚШ-тан жер аударылып, Коста-Рикаға жеткізілгенін бұған дейін жазғанбыз.