Қытай 10G интернетті іске қосты

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қытайдың Хэбэй провинциясындағы Сюнъань инновациялық аймағында Huawei және China Unicom компаниялары 50G PON технологиясына негізделген жаңа буынның алғашқы кең жолақты желісін сәтті іске қосты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа байланыс стандарты дәстүрлі гигабиттік жылдамдықпен салыстырғанда өткізу қабілетін айтарлықтай арттырып, деректерді жүктеу жылдамдығын 10 Гбит/с деңгейіне жеткізді. Сонымен қатар, желінің жауап беру уақыты небәрі 3 миллисекундқа дейін қысқарды, деп жазады iXBT.com порталы.

Шынайы сынақ нәтижелері Сюнъаньдегі желінің тұрақты көрсеткіштерін анықтады:

  • Жүктеу жылдамдығы — 9834 Мбит/с дейін,

  • Жіберу жылдамдығы — 1008 Мбит/с,

  • Кешігу уақыты — тұрақты түрде шамамен 3 мс.

Бұл көрсеткіштер қазіргі тұрмыстық кең жолақты интернет стандарттарынан бірнеше есе жоғары және ресурсты көп қажет ететін цифрлық сервистерді — 8K форматындағы бейне, виртуалды және толықтырылған шындық, бұлттық ойындар, сондай-ақ «ақылды үй» жүйелерін — кедергісіз пайдалануға жол ашады.

Мәселен, көлемі шамамен 90 ГБ болатын екі сағаттық 8K фильмді әдеттегі гигабиттік желіде жүктеу 12 минутқа жуық уақыт алса, 10G қосылымы арқылы бұл процесс небәрі 72 секундқа созылады. Қолданушылар мұндай артықшылықты іс жүзінде байқап үлгерген.