Соңғы апталарда бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын сату жөнінде түрлі қауесеттер тараған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Атап айтқанда, режиссер Джеймс Кэмеронның аталған компанияны сатып алу туралы ұсынысы туралы жарияланымдар әлеуметтік желілер мен жаңалық сайттарында қызу талқыланған.
ERG БАСШЫЛЫҒЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов бұл қауесеттерге нүкте қойды. Ол компанияны сату бойынша ешқандай келіссөздер жүргізілмегенін ресми түрде мәлімдеді.
КОМПАНИЯ СТРАТЕГИЯСЫН АЯҚ АЛДЫМЕН ІСКЕ АСЫРУДА
“2024 жылдың соңында ERG директорлар кеңесі компанияны дамытуға бағытталған жаңа стратегияны бекіткен болатын. Қазіргі таңда компания осы стратегиялық жоспарды жүзеге асырумен айналысуда.ERG-дің басты бағыты – бизнесті тұрақты әрі жүйелі дамыту, ұзақ мерзімді өсімді қамтамасыз ету және барлық мүдделі тараптарға құндылық қалыптастыру”, – деп хабарлады компанияның ресми сайты.
ҚЫЗМЕТТЕ ЕШҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС ЖОҚ
Мәлімдемеге сәйкес ERG-дің күнделікті қызметінде ешқандай өзгеріс болмайды. Компания бұрынғыдай жұмысын жалғастыруда және алдағы уақытта да даму мен инвестицияны басты назарда ұстай беретіні хабарланды.
ERG ТУРАЛЫ
Eurasian Resources Group (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. ERG әлемнің 20 елінде төрт құрлықта жұмыс істейді және Қазақстанда тау-кен металлургия кешенінің үштен бірін құрайды. Компанияның негізгі активтері ферроқорытпа, темір кені, алюминий, көмір және энергетика салаларын қамтиды. ERG сондай-ақ Африкада мыс пен кобальт өндірумен айналысады және Бразилияда темір кенін өндіру жобасын іске асыруда.
Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының басшылығы: