Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
22 сәуір күні Астана уақытымен таңғы сағат 06:30-да Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
- Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 508 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан, – делінген ресми мәлімдемеде.
Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында зілзала сезілмеген.
ШЫМКЕНТ ПЕН ТАРАЗ
Бұған дейін 13 сәуірде Астана уақытымен 09:23-те Түркістан мен Жамбыл облысының және Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезген болатын.
БОЛЖАМ
Сонымен қатар, саясаттанушы Досым Сәтпаев Алматыда жойқын жер сілкінісі кезінде не болуы мүмкін екенін болжаған еді.