Дарикорнның басы тағы дауға қалды: блогер лайк үшін басқаларға қауіп төндірген

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда Daricorn лақап атымен белгілі блогер Дариға Нұркеева жол ережесін бұзып, полицияның күзіне түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МОНИТОРИНГ

Алматылық полицейлер блогердің жол ережесін бұзғанын мониторинг жасау барысында анықтаған. 

- Интернет-кеңістігін талдау барысында, белгілі блогер-қыздың жол қозғалысы ережесін демонстративті және өрескел бұзғаны – сигнал бермей, кенеттен қозғалыс жолағын ауыстырып, апаттық жағдай тудырған бейне түсірілген, дейді полицейлер. 

ТЕРГЕУ

Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабының 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабының 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру. Мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады. Танымалдылық деңгейі, жазылушылардың саны жауапкершіліктен босатпайды. Заң - бәріне бірдей. Жазаның бұлтартпау принципі бәріне қолданылады, дейді полиция департаментінің өкілдері. 

ЕСКЕРТУ

Алматы полициясы ескертеді: заңбұзушылық бар әрбір бейнеден кейін - реакция болады. «Бәріне рұқсат» тақырыбында хайп жасау әрекеттері қатаң құқықтық бағаға ие болады.

- Біз азаматтарды жолда жауапкершілік пен тәртіпке шақырамыз. Қауіпсіздік - ойын немесе әлеуметтік контент емес. Бұл әркімнің жауапкершілігі, дейді полицейлер.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, Дарикорн баланы мазақ етті деп, басы дауға қалған болатын. 

2024 жылдың тамыз айында танымал блогер Дарикорн өзінің Qatty Tatty атты кафе желісін жарнамалау мақсатында бір баланы түсіріп, оны әлеуметтік желіде көпшілікке жариялаған. 

Видеода бала өзінің сүйікті асы ретінде "пицца" деп айтқанымен, видеомонтаж арқылы бұл сөз бұрмаланып, оның орнына ірі әріптермен "ПИСЯ" деген жазу қойылған.