Қазақстандық тарихшы, шығыстанушы Сұлтан Әкімбеков Қазақстан тарихындағы ең бағаланбай қалған әрі құпияға толы кезеңді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ел тарихындағы ең қызықты кезең туралы сөз қозғаған Сұлтан Әкімбеков қазақстандық оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды.
Әрине, бұл – XVI және XVII ғасырлар. Бұл кезеңдер туралы біздің білеріміз тым аз, өйткені оқулықтарда көбіне бір-екі сөйлеммен ғана шектеледі. Мүмкін, дереккөздер жетіспейтін шығар... Әсіресе XVII ғасыр – меніңше, ең қызықты әрі ең бағаланбай қалған кезең, – деді ол.
Қазақстан тарихына қатысты Батыста жыл сайын оншақты кітап, түрлі монографиялар жарық көреді. Ресейде біз туралы көп жазады, Америкада да, Жапонияда да. Авторлар жетерлік. Бірақ біз олар туралы аз білеміз.
Мәселе картинаның толық болмауында. Бізге егжей-тегжейлі мәліметтер керек, сын тұрғысынан жазылған тарихи еңбектер қажет, – деді ол YouTube желісіндегі Qalam арнасына берген сұхбатында.