Kaspi терминалы қауіпсіз бе: баланы тоқ соғып ауруханаға түсті

Ілияс Бақыт
Видеодан скриншот

21 сәуірде Талдықорған қаласында Kaspi төлем терминалын пайдаланған кезде баланы тоқ соғып, ол ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Бала саусақтарынан күйік алып, қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр.Желіге жүктелген видеодан терминалға жанасқан сәттен баланың шалқалап құлағанын байқауға болады. 

АТА-АНАСЫНЫҢ МӘЛІМЕТІ

“Кеше менің ұлымды Kaspi терминалы тоқ ұрды. Онда ашық сымдар болған жоқ. Ол саусақтарынан күйіп қалды, жағдайы тұрақты. Қазір жұмаға дейін ауруханада жатамыз”- дейді баланың ата-анасы. 

Kaspi Bank оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

“Кеше 21 сәуірде Талдықорғанда азық-түлік дүкенінің аумағында орналасқан Kaspi Терминалдың темір торы мен корпусын ұстаған кезде ұл баланы ток соқты.Біз болған жағдайға қатты өкінішіміз, баланы емдеуге барынша көмек көрсетіп жатырмыз, оның отбасымен байланыстамыз және оның тез жазылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бақытымызға қарай, баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ”- деп компания мәлідеме жасады. 

Компания мамандардың дүкенге барғанын оқиғаның себебін анықтап жатқанын жеткізді.