Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін саласындағы жұмыстың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Үкіметте дін істері комитетінің жұмысына қатысты мәселе көтерілді.
- Өңірлерде діни ағым мүшелерімен жұмыс жасаушы теолог мамандар бар. Оңалту жұмыстары елімізден он жылдан аса уақыттан бері атқарылып келе жатыр. Осы тұста назар аударатын бір мәселе бар. Теолог мамандардың басым көпшілігі құпиялық құжатпен жұмыс істеуге рұқсатнамасы жоқ. Заңнамада жеке адамның деректерін таратуға қатысты жауапкершілік көзделген. Бұл жұмыс әлі күнге дейін реттелмеген. Бұл жұмыстар алдағы уақытта қалай реттеледі?, деп сұрады журналист.
Балаева дін – өте нәзік сала екенін атап өтті.
- Маңызды мәселенің басын ашып отырсыз. Дін мәселесіне қатысты өзекті мәселе жоқ. Ең бастысы діни сауатсыздық мәселесі бар. Сондықтан ағартушылық жұмыстар құпия жұмыстар бағыты деп саналмайды. Жалпы біз дін саласындағы жұмыстың жаңа тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Оның бәрі жаңа талаптарға, жаңа заманның үрдісіне сәйкес жасақталады.
Себебі қазір цифрландыру дамып келе жатқан заман. Бұрын көпшілікті жинап, лекциялар өткізсе, қазір оның бәрі әлеуметтік желі арқылы үлкен цифрлық ақпараттық жұмысты талап етеді. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні де қолдануымыз керек, дейді Балаева.