Қандай жағдайда банк шоттарыңызды бұғаттауы мүмкін

Сымбат Сатыбалдина
фото: depositphotos

Қазақстанда салық органдары кейбір жағдайларда азаматтардың немесе заңды тұлғалардың банк шоттарынан қаражат шығынын шектеуге, яғни шотты бұғаттауға (арест қоюға) құқылы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Uchet.kz мәліметінше, шотты бұғаттауға негіз болатын бірнеше себеп бар. Егер салық төлеуші белгіленген мерзімде декларация немесе өзге де салықтық есептерді тапсырмаса, бұл бұғаттауға себеп болуы мүмкін.

Салық есептерін тапсырмаған кезде: салық органдарына уақытылы декларация өткізбеген болсаңыз — шотыңыз бұғатталуы мүмкін.

БАСТЫ СЕБЕПТЕР

ҚҚС бойынша тіркелмеген жағдайда:

Қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркелу керек болса, бірақ тіркелмесеңіз — бұл да себеп болады.

Көп мөлшерде салық қарызы болса:

Егер салық қарызыңыз 6 АЕК-тен көп (2025 жылы – 23 592 теңгеден жоғары) болса және сіз тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары топқа кірсеңіз — шотты тоқтатуы мүмкін.

Салық тексерісін өткізуге кедергі келтірсеңіз:

Мысалы, салық инспекторларын нысанға кіргізбей қойсаңыз — шотқа бұғат қойылуы мүмкін.

Салық органдарының хаты қайтып келсе:

Егер сіз көрсеткен мекенжайда табылмасаңыз, ал пошта арқылы жіберілген хабарлама кері қайтса — бұл да шот бұғаттауға себеп.

Тексеріс кезінде неге болмағаныңызды түсіндірмесеңіз:

Салық органдары тексеріс жасағанда сіз орныңызда болмай, кейін түсіндірме бермесеңіз — шот уақытша жабылады.

Камералдық бақылауда анықталған заңбұзушылықты түземесеңіз:

Салық қызметі жіберген ескертулерді елемесеңіз — шотты бұғаттауы мүмкін.

УАҚЫТША ШЕКТЕУ

Бұл бұғаттау – тұрақты емес, яғни уақытша. Егер салыққа қатысты мәселелерді реттесеңіз, шектеу алынып тасталады. Яғни салық органдары ескерткен талаптарды орындамасаңыз, банк шотыңызды уақытша бұғаттауы мүмкін.