СҚО-да 115 теңгелік арзан картоп та өтпей қалды

Сымбат Сатыбалдина

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер тіпті арзан бағамен ұсынылған тұрақтандыру қорының картобын да сата алмағандарын мойындап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Pkzsk.info мәліметінше, СҚО кәсіпкерлер палатасының сауда кеңесі төрағасы Алексей Писаренко “үй жанындағы” дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, басты проблема – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация ұсынған келісімшарт талаптарында. Бұл талаптар дүкендерді барлық 19 түрлі тауарды бірдей сатып алуға міндеттейді. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорында жеткізу қызметі қарастырылмаған.

ЖЕТКІЗУ МЕН САТУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов мұндай проблема барын растады. Оның айтуынша, “Солтүстік” ӘКК-де бар болғаны төрт “Газель” көлігі ғана бар. Ол тұрақтандыру қорындағы картоптың сатылу мәселесіне де назар аударды. Нәтижесінде 115 теңгеден 12 тонна, ал 200 теңгеден 800 келі картоп өтпей қалған.

– Парадокс, біз барлық картопты сата алмадық. Картоптың бағасы барлық жерде өсіп жатқанда, біздікін арзанырақ болса да ешкім алмайды. Ал «Оңтүстік» базарында картоп 300–350 теңгеден сатылып жатыр. Жыл басында ӘКК-де 2 мың тонна картоп қоры болған. Біз айына 200 тоннадан сатып, бәрін өткіземіз деп ойладық – өйткені картоп өне бастайды. Қарасақ: қаңтарда – 70 тонна, ақпанда – бар болғаны 48 тонна ғана сатылған. Сірә, адамдар өз жертөлелерінен картоптарын шығарып жатқан болар. Өтпеген картоп «жаңарту» үшін жеке компанияға берілді – олар оны оңтүстіктің картоптарына ауыстырып, күзде дәл сол көлемде және сол бағада қайтаратын болып келісті, – деді әкімнің орынбасары.