Бұрын істі болған адам Олимпиада комитетінде қызметке тағайындалды

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

Бұрын істі болған Сәкен Мұсайбеков Олимпиада комитетінде қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Күні кеше Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілген болатын. 

ТАҒАЙЫНДАУ

Бас ассамблея қорытындысы бойынша атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілген. Соның ішінде, Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры болып тағайындалған. 

ІСТІ БОЛУЫ

Қазақпарат мәліметінше, 2021 жылы мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары болған Сәкен Мұсайбеков қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 62 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге сотталған.

Бұл істің жай-жапсары туралы «Время» газеті жазған. Басылымның хабарлауынша, шенеунікке пара ретінде құны 3 миллион теңгеден асатын әйелдер сөмкесі табысталған. Бұл сыйлық оның белгілі бір мүдделерді ілгерілетуге көмектескені үшін алғыс ретінде берілгені айтылған.