Ыстамбұлдағы зілзаладан кейін 260-тан астам афтершок болған

Сымбат Сатыбалдина
fotolia

Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою басқармасы (AFAD) Ыстамбұлда болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен кейін 266 афтершок тіркелгенін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

— 24 сәуір күні сағат 9:00-де (Астана уақытымен 11:00) 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен кейін жалпы саны 266 афтершок тіркелді. Олардың ішінде 258-і — 0-ден 4-ке дейінгі магнитудада, жетеуі — 4-тен 5-ке дейінгі, ал біреуі — 5-тен жоғары магнитудада болған, — деп жазады Daily Sabah басылымы.

AFAD мәліметінше, афтершоктар жер сілкінісінің эпицентрінен шығысқа қарай 10–15 шақырым аумақта шоғырланған. Сондай-ақ жер асты дүмпулері алдағы күндері де жалғасуы мүмкін.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 23 сәуірде Түркияның Ыстамбұл қаласында бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді

СЕЙСМОЛОГТАР НЕ ДЕЙДІ 

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының (EMSC) деректеріне сәйкес, магнитудасы 6,2 балл болған жер сілкінісі жергілікті уақытпен 12:49-да тіркелген. Эпицентрі Мрамор теңізінде, Силиври қаласынан 26 шақырым оңтүстікте орналасқан.

Кейінірек осы ауданда тағы екі дүмпу болды: 5,0 және 5,3 магнитудалы. Бұл жер сілкіністері де Ыстамбұлдың бірнеше аймағында сезілген.