Жемқорлардан тағы 1,4 млрд теңге қайтарылды: ақша қайда жұмсалады

Сымбат Сатыбалдина
ЖИ / ulysmedia.kz

Ақтөбе облысында қайтарылған заңсыз активтердің есебінен медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды. 

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:

  • Ыргыз ауданы, Нұра ауылы 
  • Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.

Сондай-ақ медициналық пункттер:

  • Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы, 
  • Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
  • Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
  • Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
  • Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
  • Ырғыз ауданы, Жарма ауылында  салынады.

Дәрігерлік амбулаториялар:

  • Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
  • Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
  • Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін үкімет арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.