2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Матрицаға сәйкес, «сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары тұр. Ал «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары бар.
Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта.
Еске сала кетсек, 2021 жылдың қазан айында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау міндеті қалада 100% орындалғанын хабарлаған еді.