Алматыда ғана емес: синоптиктер бірнеше қалада ауа лас болатынын ескертті

Сырым Қаржас
Ulysmedia

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше қаласындағы метеожағдайлар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы 26 сәуірде Балқаш, Өскемен, Атырау, Ақтөбе және Алматыда атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

АНЫҚТАМА ҮШІН

Мұндай жағдайлар кезінде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында, аулақ болу;
  •  Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.