27 сәуірге қараған түні Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт Бостандық ауданындағы қонақүй бөлмелерінің бірінде тұтанған.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті сөндірді. Нақты деректерге сәйкес, Бостандық ауданындағы Манас көшесінде орналасқан төрт қабатты қонақүйдің жатақханаға бейімделген бірінші қабатындағы бөлмеден өрт шыққан, – делінген хабарламада.
ТЖМ күштері баспалдақпен 100 адам эвакуациялағаны белгілі болды.
Еске салайық, 2025 жылғы 9 сәуірде Астанадағы жатақханада өрт шыққанын жазған едік.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты. 1 600 шаршы метр аумақты толығымен сөндірілді.