"Ким Чен Ынға ұқсайды": Өскеменде Қасым Қайсеновтің ескерткіші жұртты шошытты

Сырым Қаржас
әлеуметтік желіден

Желіде Өскемендегі әскери бөлімде орнатылған Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы журналист Мерей Қайнарұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Өскемендегі 27943 әскери бөлімде (Жаңа Ахмерде) Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, – деп жазды ол Facebook-те.

Бұл жазбаның астында көпшілік ескерткіштің сәтсіз шыққанын жазып жатыр:

  • Расында сәтсіз шығыпты. Авторы кім екен?
  • Ұқсамайды.
  • Сәтсіз шыққан мүсін.
  • Ұқсамайды екен өзіне, мен Қасым атаны көргенде түрі ондай емес еді…
  • Ким Чен Ынға көбірек ұқсап кеткен сияқты ма, қалай?

Ulysmedia тілшісі бұл ескерткіш жайлы Қорғаныс министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен түсінік сұрады.