Қазақстанда заң бұзған қытай компаниясы 1 млрд теңге айыппұл төлейтін болды

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан аумағында экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін қытай компаниясына айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті "СИНЬСИН құрылыс және даму қытай компаниясы" ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді.

Тексеру барысында кәсіпорынның асфальтбетон шығаратын қондырғы мен ұсақтау кешенін экологиялық рұқсатсыз пайдаланғаны анықталған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, компанияға 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған.

Компания бұл шешімге шағымдануға тырысқанымен, нәтиже шықпады.