Қазақстанда теңге нығая түсті

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

29 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 512,32 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,18 теңгеге төмен. Ұлттық банктің ресми бағамы бүгінгі күнге 513,68 теңге деңгейінде бекітілген.

Ал kurs.kz деректеріне сүйенсек, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 511,95 теңге, сату бағамы – 513,87 теңге шамасында.

Астанадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 510,28 теңгеге сатып алып, 516,33 теңгеге сатып жатыр.