"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС-нің бас директоры болып Ернат Бердіғұлов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ернат Бердіғұлов 1987 жылы дүниеге келген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2010 жылы Канададағы Торонто университетін «Мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері ретінде тәмамдаған. 2018 жылы Ұлыбританиядағы Уорик университетінде «Бизнес-әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Сонымен қатар Гарвард бизнес мектебінің түлегі.
Еңбек жолын 2010 жылы «Семізбай-U» ЖШС-інде бастаған. 2011-2019 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-да жұмыс істеген.
2019-2021 жылдары халықаралық Whiteshield Partners консалтингтік компаниясында жоба жетекшісі қызметін атқарды.
2021-2022 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-да стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі бірлескен басқарушы директор лауазымын атқарған.
2022 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі – стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеді.
«ҚазМұнайГаз» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ секілді ұлттық компаниялардың директорлар кеңесіне мүше болған.