Доп алу үшін ұмтылған: Оралда тоққа түскен бала ауыр халде ауруханаға түсті

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Орал қаласында 9 жасар бала тоққа түсті. Ол сымдарда ілініп тұрған допты алуға әрекет жасаған сәтте жарақат алған. Оқиға жайлы «Мой город» ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оқиға 30 сәуірде кешке Исатай-Махамбет көшесінде орналасқан үйдің маңында орын алған. Куәгерлердің сөзінше, бала электр подстанциясының шатырында допты алуға тырысқан. Сол кезде тоққа түскен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы ауыр күйде қалғанын жеткізді.

Қазір ол облыстық балалар көпсалалы ауруханада, аппаратпен тыныс алып жатыр. Жағдайы ауыр. Денесінің 95%-ы күйік шалған., Бұл - күйіктің төртінші дәрежесі, – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.