Ұлттық қордан 1 млрд доллар не үшін алынды: себебі айтылды

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық банк сәуір айындағы қызметі туралы есебін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕҢГЕ БАҒАМЫ ӘЛСІРЕДІ

Сәуір айының қорытындысы бойынша теңге АҚШ долларына қатысты 1,6%-ға арзандап, 512,48 теңге деңгейінде бекіді. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) орташа күндік сауда көлемі 243 миллионнан 246 млн долларға дейін өскен. Жалпы сауда көлемі – 5,4 млрд доллар.

ТРАНСФЕРТ

Сәуір айында ұлттық қордан 968 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылған. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін пайдаланылған.
Ұлттық қордан сатылған валютаның үлесі жалпы сауданың 18%-ын, яғни күніне шамамен 44 млн долларды құраған.

МАМЫРҒА БОЛЖАМ

Ұлттық банк мәлімдеуінше, мамыр айында республикалық бюджетке жоспарланған трансферттерді қамтамасыз ету үшін 950–1050 млн доллар аралығында валюта сату жоспарланып отыр.

Айта кетейік, сәуір айында ұлттық банк валюта нарығында интервенция жасаған жоқ.