Астана және Алматы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасын ұйымдастырған адам қамауға алынды.
Сонымен қатар Алматы облысы бойынша ҰҚКД жедел қызметкерлері прокуратураның көмегімен есірткінің ірі партиясы бар қойманы тапты.
Есірткі затын сақтады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстанның азаматы қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, есірткі аймақта жұмыс істейтін ірі есірткі дүкенінің мүддесі үшін интернет арқылы сатылған.
Осы іс-шаралардың нәтижесінде 18 келі психотроптық заттар мен 500 литрден астам прекурсорлар тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.