Астанада екі автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
– Құрметті жолаушылар! №27 және №60 бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді, – делінген хабарламада.
Компания қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа маршруттармен алдын ала танысып, жолға шығар алдында мән беруді ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Астанада 30-ға жуық автобустың бағыты өзгергенін хабарлаған едік.