Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Atyrau online-ға сілтеме жасап.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Қайғылы оқиға 3 мамыр күні сағат 17:25 шамасында Атырауға қарасты Еркінқала ауылында болды. Балық аулау кезінде 17 жастағы жасөспірім моторлы қайықтан өзенге құлап, суға батып кеткен.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 19 құтқарушы, 5 техника және 6 жүзу құралы, сонымен қатар полиция тарапынан сегіз қызметкер, үш техника және бір қайық жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Суға кеткен жасөспірім 2007 жылы туған, дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысып жүрген.