"Қазгидромет" Қазақстанның үш өңірінің тұрғындарына үндеу жасады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазақстан аумағына антициклон жылжып келе жатыр, соның әсерінен республика аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз жылы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

"Қазгидромет" мәліметінше, тек Қазақстанның батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыста нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.