Синоптиктер ертең, 5 мамырда елдің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының шығысында, орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысында солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.