«Мисс Қазақстан – 2023» атанған Сабина Ыдырысова «Әлем аруы» байқауында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Nur.kz хабарлауынша, «Мисс Қазақстан – 2023» атанған Сабина Идрисова биыл өтетін «Әлем аруы – 2025» халықаралық сұлулық байқауына дайындық барысын баян еткен. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінде түсірілімдерге қатысып, шығармашылық нөмір әзірлеген. Сонымен қатар, ағылшын тілі, визаж және дефиле бағытында білімін жетілдірген.
Кәсіби балет әртісі болған Сабина қазақ, орыс және ағылшын тілін еркін меңгерген. Қазір ол спортпен белсенді айналысып, модельдегі мансабын жасап келеді.
Әлемдік байқауға арнап эксклюзивті ұлттық киім тігілген.
Бұл – жай ғана киім емес, жарық, өрнек пен пішін арқылы айтылатын тарих. Ол өткен мен бүгінгіні тоғыстырып, қазақ мәдениетінің сұлулығын дәріптейді, – дейді Сабина.
Ол ел намысын қорғау – үлкен жауапкершілік пен зор мақтаныш екенін атап өтеді:
Мен үшін бұл – байқау ғана емес, Қазақстанның мәдениеті, сұлулығы мен рухының елшісі болу аса маңызды».
Биыл әлемнің сұлулық байқауына шамамен 120 қатысушы жиналады. Ашылу рәсімі 11 мамырға, ал гранд-финал 31 мамырға жоспарланған.