Қазақстанда қанша ер мұғалім қызмет етіп жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді.
Оның 14 055-і колледж, 77 787-сі мектептерде, 2 710-ы мектепке дейінгі ұйымдарда.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz билікте жүрген мемлекеттік қызметшінің қанша пайызы нәзік жанды екенін анықтауды жөн көрген болатын.