Қазақстандық журналист Диас Ахметшәріптің жағдайын дәрігерлер бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір журналист ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
– Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Басқа ақпарат науқастың туыстарының рұқсатынсыз жарияланбайды, – деп мәлімдеді ведомство Lada.kz-ке.
ДЕРЕККӨЗ МӘЛІМЕТІ
Бұған дейін Журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түсткенін хабарлаған едік. Ulysmedia.kz дереккөзінің мәліметінше, оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр.
Диас Ахметшәріп 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып еңбек жолын бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі болып қызмет етті.
Ол мемлекеттік «Қазспорт» телеарнасының алғашқы директоры болды, сондай-ақ «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.
2003 жылдан 2007 жылға дейін спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.