Қазақстан Вьетнамға қай қаладағы әуежайды басқаруға бергелі отыр

Аян Өрібай
Ұлысмедиа коллажы

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Вьетнамның SOVICO Group компаниясына қай әуежайды беруді жоспарлап отырғаны жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Біз алдыңғы қатарлы компанияларды тартып, технологиялық және өзге де тұрғыдан біздің қызметтердің, соның ішінде әуежайлардың жұмысын жақсартуға көмектесуді көздейміз. Шын мәнінде, келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мәселе Вьетнам тарапының әуежайды біршама уақыт басқаруына алып, оның жұмысын жақсартуы жайлы айтылып отыр. Бірақ бұл әуежайды сатып алу емес, біз стратегиялық нысандарды сатпаймыз. Қазір әңгіме Қызылорда әуежайы жайлы, – деді шенеунік.

Бұған дейін экономист Алмас Чукин Қазақстандағы тағы бір стратегиялық нысанды сату жоспары туралы пікір білдірген.

Белгілі болғандай, ірі Вьетнам холдингі Qazaq Air әуе компаниясын сатып алған. Әуе тасымалдаушыны VietJet Qazaqstan деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Келісім рәсімделгеннен кейін инвесторлар Қазақстандағы әуежайды сатып алуға қызығушылық танытқан.