Украина жоғарғы радасының депутаттары АҚШ-пен пайдалы қазбалар туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Парламент отырысының трансляциясын жоғарғы рада депутаты Ярослав Железняк жүргізді.
Дауыс бергендердің 338-і қолдаған, қарсы шыққандар мен қалыс қалғандар болмаған.
2025 жылдың мамыр айының басында АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар саласындағы келісімді қол қойып, қалпына келтіру қоры құрылды.
Келісімнің негізгі ережелері:
Украина өз жер қойнауына толық егемендігін сақтайды – мемлекет өзі қай жерде және қандай пайдалы қазбалар өндірілуі тиіс екенін анықтайды.
Жер қойнауы Украина меншігінде қалады.
Құжат шетелдік серіктестерге «Укрнафта» мен «Энергоатом» сияқты маңызды активтерді басқаруға беру міндеттемесін қамтымайды.
Келісімде Украина тарапынан АҚШ алдында қарыздық міндеттемелер қарастырылмаған.
Договордың елдің еуроинтеграциялық бағытын өзгертуге немесе жекешелендіру процестеріне әсері жоқ екендігі айқындалды.