Әскери шеру аяқталды: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Сымбат Сатыбалдина
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери шеру аяқталғандықтан қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

8 мамырдан бастап Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен әскери техниканың Астанадан тұрақты орналасқан жерлеріне жоспарлы түрде оралуы басталған.

 – Тасымалдау теміржол көлігімен де, өз жүрісімен де жүзеге асырылады. Іс-шаралар 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр, делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздеріне сенуге шақырады.

ӘСКЕРИ ПАРАД

7 мамырда Астанада 2,5 млрд бөлінген әскери парад өткен болатын. 

2,5 МЛРД

Еске салайық, қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өткізетінін мәлімдеген болатын. Әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінді.